Бүгінгі күннің қызықтарына құлақ түре отырыңыз. Иә, бүгін ерекше күн ғой. Нені меңзеп отырғанымды білерсіз.
Жер бетінде шұлық тоқитын сағаттардың барын білесіз бе?! Олар жылына бір шарфтан тоқып шығады.
Інжілдегі патша Ироданың зұлымдығын еске салып тұру үшін орта ғасырларда Англияда балаларды 28 желтоқсан күні ұрып-соғып тұратын салт болыпты.
Оскар Уайльдтің соңғы сөзі: "Не мен, не кішкене гүлдегі жиіркенішті түсқағаздар (обои). Қайсы біріміз кетуіміз керек".
Қылмыстардың ең үлкен жоғары көрсеткіші әлемдегі ең кішкентай Ватикан елінде орын алып тұрады.
Жеміс-жидектің "кемелге" келген, келмегенін анықтайтын арнайы қондырғы бар болып шықты.
Көбелектер дәмді (бірнәрсенің дәмін) аяқтарымен сезеді екен.
Исаак Ньютонның болжамына сенсек, ақырзаман 2060 жылы... немесе 2034 жылы келетін болып шықты. Тура бүгін емес!
Майя тайпасының сөзіне сенсек, галактикалық теңестірілу (выравнивание) бүгін болуы тиіс екен. Шын мәнінде ол 1998 жылы болып кеткен.
сурет:wolfram.webtalk.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек