Дүниежүзілік радио күні - жаңа мереке. Бұл күннің аталып өтілгеніне бір-ақ жыл болды. Ал оны бекіту туралы шешімді ЮНЕСКО алдыңғы жылы, яғни, 2011 жылы қабылдаған болатын.
1946 жылы ақпанның дәл 13-і күні «БҰҰ Радиосы» эфирге шықты, оның стансысы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде орналасты.
Бұл мерекеге орай ЮНЕСКО-ға кіретін көптеген мемлекеттерде радиотарату компанияларының қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
ЮНЕСКО бекіткен дүниежүзілік радио күнінен бөлек, бұл байланыс түрін ұнатушылар сондай-ақ 18 ақпан - дүниежүзілік радио сүюші күнін атап өтеді. Өйткені, 1925 жылдың дәл осы күні Парижде халықаралық радио сүюшілер одағы құрылған болатын.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: searchprogram.ru