- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Бүгін New Horizons...
Бүгін New Horizons Плутонға жақындайды
Ғаламшараралық "Жаңа Көкжиектер" (New Horizons) ғарыш станциясы бүгін ең алыстағы ғаламшарға жақын аймаққа жетеді. Ғалымдардың есебі бойынша, NASA ғарыш агенттігінің аппараты Плутонға бір миллион шақырым жерге дейін жақындауы тиіс.
Аталған зонд 2006 жылдан бері құпияға толы Плутонға бағыт алған. Мұның көптен күткен нәтижесі бүгін 17:49-да орын алады. Қазіргі кезде "Жаңа Көкжиектер" Плутонның анық суретін алуға тырысуда.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 11 шілдесі күні NASA аппараты Плутонның бедеріндегі ашық дақтарды анықтаған болатын. Белгісіз дақтардың азот немесе метан сынды газдардың қалдығы болу ықтимал.
Бүгін астрономия тарихындағы атаулы күн болмақ. New Horizons аппаратының бағыты Жердегі жеті алып ғарыш құрылғыларының көмегімен бақыланатын болады. Аппарат радиоөріс тәртібінде бағыт алып, алғашқы құнды мәліметтерді 15 шілде күні таңғы сағат 4-те жібереді. Бұл Жерден ұшқан аппараттың Плутон атмосферасын сәтті ұшып өткенін білдіретін болады.
Ж. Өрісбай