Британдық 730 метр биіктіктен парашютсіз секірді

Британдық  каскадер Гари Коннери 730 метр биіктіктен парашютсіз секірді. 

Осылайша ол бұндай қадамға барып ерлік көрсеткен әлемдегі ең алғашқы адам атанды. 42 жасар каскадер секіруге ыңғайлы етіп өзіне қанаты бар костюм тіктірген екен. Ал, қону алаңы ретінде жерге 18600 картон қорабын орналастырыпты.

Sky News-ке берген сұхбатында ол: «Барлығы ойдағыдай болды, есебім дәл келді, мен өте қуаныштымын», - деді.

Коннеридің жұбайы да өз кезегінде күйеуінің ойға алғанын сәтті орындағанына риза екендігін білдірді. Ерлі-зайыптының екі баласы  бар екендігін де айта кетелік.

Коннери биіктен алғаш рет әскерде парашютпен секірген екен. Ол кезде жасы небары 23-те болыпты. Кейін осы өнерінің арқасында кәсіпқой каскадер атанып, жұртқа танылған екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/1a1-Uhcxxwo","width":"450","height":"256"});

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: Jason Hawkes