Бір кем дүние

Бір кем дүние

Бүгінгі күннің қызықтары сіздердің назарларыңызда. 

Бізге беймәлім бір британдық жақында өз арбасын (инвалидное кресло) жасандырып, заманға сай жарақтандырам деп жүріп, ақырында көшеге шыға алмай қалыпты. Өйткені, танкіден бір кем түспейтін арбамен көшеде жүруге болмайды. Әсіресе, Ұлыбританияда.

Рим Папасы Бенедикт XVI көлік жүргізуді мүлдем білмейді екен. Есесіне ұшақ жүргізуге арналған төлқұжаты бар болып шықты. Ара-тұра папаларға арналған ұшағымен жүріп-тұратын көрінеді.

Аргентинаның заңы жыныстың қай түрін таңдауды азаматардың өз еркіне тапсырады.

 

Шаолинь монахтары жаттығу кезінде де бастарын қатерге тігіп үйренген. Мәселен, өздерін асып қою жаттығуы.

Қайта-қайта, жиі-жиі қайталап айтыла берген соң басқа адамға мағынасы кеткен сөз болып табылатын, одан қалса жай ызың іспетті көрінетін сөз тіркестері "семантикалық тойыну" деп аталады.

Пілдер де аяқтарының ұшымен жүреді.

Ғарышты зерттеудің қанша тұратыны хақында. «Прометей» фильмінің бюджеті шын өмірдегі келімсектерді (пришелец) 52 жыл бойына зерттеуге толыққанды жетіп-артылатын болған.

1947 жылы Канадада шоколад қаттыларының бағасын көтерген кондитерлік фабрикаға қарсылық ретінде бір топ кішкене балалар нағыз дүмпу ойластырған.

Өрмекші (Calponia harrisonfordi) мен құмырсқаның (Pheidole harrisonfordi) бір түріне Харрисон Фордтың аты қойылған. Әлгі атақ табиғат аясын қорғау мақсатында ұйымдастырылған шаралардан соң беріліпті.

Канададағы Черчилл қаласының жергілікті тұрғындары көліктерін ешқашан құлыптап үйренбеген. Себебі, аталған елді-мекен "поляр аюларының әлемдік орталығы" болып саналады. Себебі, бұл жердің аюлары басты көшелерде емін-еркін жүре береді. Және бұл жердің адамдары оқыстан пайда болған хайуаннан бір ғана жолмен құтылып әдеттенген. Ол жол - есігі құлыптанбаған көліктер.

сурет:allmobileworld.it; healthland.time.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига