Сөздік араға бір ғасыр салып, сүзгіден өткізілген қолжазба нәтижесінде толық аяқталуға жақындады. 17 бөлімді сөздік ортағасырлық латын тілінде жазылған. Кітап алғаш рет 1913 жылы қолға алынып, соңына қарай латын тілінен "zythum" деген мағынаға ие болған.
Оксфорд үниверситетінің классика факультетінің редакторы өз сөзінде: «Мұндай ұзақ мерзімді еңбекті қажет ететін жобалар ендігәрі қолға алынбайтын болады», - десе, доктор Ашдоун: «Кей кісілер шынымен-ақ біздің мұндай істі аяғына дейін жеткізетінімізден күмәнданған», - дейді.
Жоба Оксфорд университетінің тарихшысы Роберт Витвеллдің "Таймс" газетіне жолдаған хатынан басталған. Онда ол ерікті адамдарды сөздікті зерттеуге шақырған болатын. Тарихшының негізгі мақсаты - атақты Оксфорд ағылшын сөздігін ортағасырлық латын тіліне аударып, эквивалент жасау болған.
101 жыл өткеннен кейін британдық дерекнамаларға сүйене отырып жасалған «Ортағасырлық латын сөздігі» осы жылдың қырқүйек айында толығымен аяқталады.
Латын тілі ортағасырлық кеме өнеркәсібінде, дін, ғылым, саясат секілді облыстарда есепнама қолжазбасы ретінде пайдаланылғаны белгілі. Ал сөздікті зерттеген ғалымдар болса Ұлыбритания еліндегі латын деректеріне сүйеніп XVII ғасырда жазылған анықтама қағаздарына тәуелді болған.
Әуесқой тарихшылар
Доктор Ашдоунның айтуынша, зерттеу кезінде көптеген стипендия бөлініп, көптеген сарапшы маман, тіпті университет көлеміндегі академиялық білімі жоқ әуесқойлар да шақыртылған екен.
Ақпарат бір топ ерікті мен діндарлар, бірінші дүниежүзілік соғыс қаһармандары мен колония басшыларынан келіп түскен. Тіпті олар іздену барысында пілге отырып ақпарат жинағанға ұқсайды. Латын сөздігінің компиляциясы ортағасыр дәуіріне жол ашты. Мысалы, үй мұржасына пайдаланылатын "caminus" сөзі – 1340 жылдары Англия елінде орын алған жер сілкіну кезінде пайда болған. Оның себебі жер сілкінісі барлық үй мұржасының астаң-кестеңін шығарыпты.
Технология
Зерттеу жұмысының үшінші редакторы доктор Ашдоун 2008 жылы сөздік "S" әрпіне жеткенде жұмысқа кіріскен. Оның сөзінше, жоба аяқталған сәтте ол үлкен қанағаттанарлық сезімге бөленіпті және де жобада қаншама адамның еңбегі жатқандығын тілге тиек етуде.
Сөздік мақаласы алғашында қате жазбаларды пайдаланып бейберекет топтастырылған. Жұмысы компьютер әлі пайда болмағанда өте баяу жүрген. Сөздікте 750,000 әбестік, 100,000 астам сезім мағынасындағы сөздер, 400,000-нан аса дәйексөздер бар. Жалпы сөздік 4000 беттен тұрады.
Енді ғалымдардың алдында сөздікті 660 фунт стерлингке британдық Академия баспасына шығару міндеті тұр.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанның үздік университеттері
"TED Talk" конференциясы туралы не білесіз?
Астанада «Корей ертегілері» кітабының тұсаукесері өтеді
PR маманы беделді адамға айналудың жолын түсіндірді (Видео)
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет:www.bbc.com