Болуы мүмкін астрономиялық нысандар

Ғарыш – біздің өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Тіпті ол туралы сансыз зерттеулер жасалды, әлі сан мыңдаған зерттелу керек жобалар жатыр. Себебі ғарыштық нысандандардың 1% ғана толыққанды зерттелген. Түрлі кітап та жарық көрді.

Ғалымдардың болжауынша біздің ғарыштан да өзге ғарыш әлемі бар. Ол жақта да тіршілік болуы мүмкін. Тіпті таңданатын қызық дәйектерге тап болуымыз мүмкін дейді. Сонымен олар зерделей келіп шынымен де бар болуы мүмкін он гипотетикалды астрономиялық нысандарды атады.

Зомби-жұлдыздар

Атауы да ерекше әрі қызық бұл жұлдыздар шынымен де ғарышта өмір сүреді. Олардың бұлай аталуы, зомбилер секілді өздері ғана зиянға ұшырап қоймай, айналасындағы заттарға да зиянын тигізеді. Ғылым тілімен айтқанда жұлдыздар арасында үлкен жарылыс болып, зомби-жұлдыздар айналасының бәрін түгелдей жоқ қылып жібереді. Содан кейін барып өзінен кейін ұсақ-ұсақ ұрықтары секілді, кіші зомби-жұлдыздарды қалдырады. Олар энергия көзі арқылы бір-біріне тартылып, үлкен жұлдыздар шоғырын жасап, одан қала берді үлкен бір зомби-жұлдыз құрайды. Ол кейін тағы жарылып, тағы да ұсақ түрлерін қалдырып отырады.

Ақ ойықтар

Жалпы ғылымда «қара ойық» («Черная дыра») бар. Бірақ енді ғалымдар зерттеу жасай келіп, бар болуы мүмкін «ақ ойық» нысанын тапты. Бұл ойық осы Қара ойықтың орталығында орналасқан болуы мүмкін дейді. Бірақ сенім аз. Әлі зерттеуді талап етеді.

Дайсон сферасы

Дайсон сферасының концептісі аты айтып тұрғандай Фримен Дайсонның атымен аталған. Ол америкалық физик, астролог. Ал біз айтып отырған осы Дайсон сферасы бар болуы мүмкін. Егер ол болған жағдайда осы сфера арқылы күн жүйесіндегі жұлдыздардан тікелей қуат ала аламыз. Алған энергияны жерге қайта жіберу мүмкіндігін де тудыруға болады.

Егерде аталған дүние шындыққа айналса, біз барлық жұлдыздардан алған энергиямен жер бетін жарық қыла аламыз. Бұл 384 йотават, Күннің ядросындағы күшімен бірдей.

Жалғасы бар