Болуы мүмкін астрономиялық нысандар – 2

Осының алдындағы ақпаратта бізге белгісіз бірақ ғарышта болуы мүмкін астрономиялық нысандар туралы айтқан болатынбыз. Ол тек бір қатары ғана. Сіздерге келесі топтаманы ұсынамыз.

«Қара ергежейлілер»

Атауы ерекше болғанымен бұл «зомби-жұлдыздар» секілді атақты болмауы да мүмкін. Бірақ бұлардың өз ерекшелігі бар. Ғалымдар ғарыштан қызыл, ақ түсті ергежейлі жұлдыздарды зерттегенін айтады. Бірақ қара ергежейлі жұлдыздардың да болуы мүмкін деген тұжырымға келді. Бұл жұлдыздардың температурасы өте аз және өзіндік энергиясы болмауы мүмкін. Басты себеп олардың көзге көрінбейтіндігінде. Кей деректерге сенсек ақ ергежейлі жұлдыздар осы қара түске ауысуы мүмкін. Бірақ оған мың жылдықтар қажеті болуы мүмкін.

Мұхит планетасы

Бұл ғалымдардың басын қатырып келе жатқан астрономиялық нысан. Себебі зерттеушілер бізден бөлек бүкіл өн бойын су жапқан «мұхит планетасы» бар деп сенеді. Бұған дәлел де бар. NASA өз кезегінде осындай планета болуы мүмкін деп екі нысанды атайды: Kepler-62e и Kepler-62f.

Отты планета

Осирис планетасының көмегі арқылы пайда болған бұл идея ғалымдар үшін жұмбақ болып отыр. Себебі кислород пен газға толған, отты планета өмір сүруі мүмкін. Ғалымдарды алаңдатып отырғаны оның көлемі Юпитермен бірдей болуы мүмкін.

«Ғарыш-елестері»

Таң қалып отырсыз ба, иә бұл ғалымдардың 2012 жылы зерттеу жүргізе келіп, бүгінге дейін әлі де жауабын таба алмай отырған астрономиялық нысандары. Себебі мұндай ғарыш-елестері болуы мүмкін. Ғарыш елестері деп отырғанымыз біздің жұлдызды шоғырдан да бөлек, ұсақ жұлдыздар қабатынан тұратын, көзге көрінбейтін, түбі тұңғиық әлем өмір сүруі ғажап емес.