- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Болашақтың интерактивті костюмі...
Болашақтың интерактивті костюмі (Видео)
Жақында танымал спорт киімдерін өндіруші Under Armour компаниясы Интернет беттеріне өзінің болашақта тігетін жоғары технологиялы өнімінің жарнамалық ролигін шығарды.
Айтып отырған өніміміз - компанияның болашақта спортшыларға арнап тігетін ерекше костюмі жөнінде болып отыр.
Мысалы, бұл киімде спортшының кеуде тұсында өзінің жеке қуаттылығын анықтау үшін арнайы цифрлы монитор орналасатын болады. Одан бөлек, видеода сенсорлы экраны бар костюм көрсетіледі. Ондағы сенсорлы экран материалға салынып тігілетін болады.
Under Armor компаниясының айтуынша, аталған жоба олар үшін фантастикалық сипатқа ие емес. Бұл сөзінің дәлелі ретінде, компания жақын болашақта алғашқы өнімді тігу жұмысына кірісетінін айтты.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: creep.ru
Б. Қосмағамбет