Суретші және зерттеуші Николай Ламм генетикалық зерттеулер орталығымен бірлесе отырып, адамның 20 000, 60 000, 100 000 жылдан кейінгі бет келбетін шамалап көруді ойластырыпты.
Түрлі генетикалық есептеулер және адамның бет әлбетінің бұрыннан бері өзгеруінің қарқынын есепке ала отырып, ол мынандай суреттерді көпшілікке көрсетті.
Ер мен әйелдің қазіргі түрі
20 000 жылдан кейін адамның маңдайы кеңее түседі. Әр адам байланысқа қажет арнайы линзалар (Google Glass сияқты) киеді.
Ер мен әйелдің 20 000 жылдан кейінгі түрі
60 000 жыл өткеннен кейін адамның бас сүйектері кеңейіп, көз, кабақ пен қастары үлкейе түседі. Бұл көзді жел, күн мен басқа да жағымсыз сәулелерден қорғау үшін қажет болады.
Ер мен әйелдің 60 000 жылдан кейінгі түрі
100 000 жылдан кейін адамның түрі қазіргіден ауытқиды деп болжайды мамандар. Көздері өте үлкейіп, терінің түсі күңгірттенеді. Қабақ пен қас одан әрі үлкейеді. Ал адамның жұмыс өнімділігі артуы үшін оның миына жалғанған импланттар болуы әбден мүмкін.
Ер мен әйелдің 100 000 жылдан кейінгі түрі
Әрине адамзаттың ғұмыры 100 000 жылға жалғаспауы да мүмкін. Жалпы болашақта адамның түрі эволюция және генді инженерияға байланысты болады.
Жалпы адамзаттың табиғатындағы өзгерістер бұрыннан бері байқалған, олар әлі де болары анық. Ғалымдар сол саладағы деректерді топтастыра отырып, адам денесінде 1000 жылда қандай өзгеріс болатыны жайлы мынандай нәтижелерге келді.
Азық-түліктердің сапасы, медицинаның дамуы жақсаруына байланысты адамдардың бойы ұзара түседі. Орташа есеппен алғанда адамның бойы 183-213 см болмақ. Жалпы 1960 жылдан бастап адамның орта бойы 2,54 см-ге өсіпті. Уақыт өте адамның ішектері қысқарып, адамның ағзасы тағамнан май мен сахарозаны қабылдау қасиеті төмендейді. Нәтижесінде адам артық салмақпен қиындықтары болмайды. Тағамдардың жұмсаруына байланысты, адамның тістері ұсақталады деген болжам бар. Адамның қолдары мен саусақтары байқарлықтай ұзарып, саусақтардағы жүйке талшықтары көбейеді. Бұл көптеген электронды құрылғыларда жұмыспен байланысты болады. Электронды құрылғылар, техниканың дамуына байланысты көп қызмет адамның көзіне жүктеледі. Осыған байланысты адамның көздері өте үлкейе түседі. Уақыт өте адамның аузы кішірейеді екен. Осыған байланысты көз - тілдесудің басты құралына айналады. Ғалымдардың айтуынша, адамның миы қазіргіге қарағанда байқарлықтай кішірейеді. Басты есептеу мен есте сақтау жұмыстарын біз үшін түрлі техника атқарғандықтан, ми бұл функцияларды атқармай, кішірейеді. Алайда бұл адамның ақылына әсер етпейді деседі мамандар. Келесі мың жылда адамдардың жұмыстары мен өмір тәртібі оның көп отыруына итермелейді. Нәтижесінде адамның иектері үлкейе түседі екен. Нәсілдердің араласуы жалғасып, еуропалықтардың тері түсі күңгірттене түседі. Ал кондиционерлер мен желдетуді қолдану нәтижесінде адамдардың мұрын пішіні бірдей бола бастайды. Күннің белсенділігі артады, сәулелердің әсерінен адамдардың бетіндегі әжімдері көбейеді. Ал шаш пен түктің өсуі баяулайды.Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: dailymail.co.uk