Технологияның күрт дамуы әлемге қалай әсер етеді? Энергияны қайдан, қалай алады? Қоғамда денсаулық сақтау, білім алу, өндіріс саласы қалай өзгереді?
Калифорния университетінің заманауи технология мамандары инновация болашақта әлемге қалай әсер ететініне болжам жасаған. Жорамал бойынша медицина мен жасанды сана әлем тұрғындарына қалай қызмет көрсетеді екен?
1. Болашақта қалыптасатын жасанды сананы Жер ғаламшарының тұрғындары жылы қабылдауы тиіс. Себебі, маңызды мәселелерді дұрыс жолмен шешетін бұл сана технологиялық ғылымда көптеген сұрақтардың жауабын табады.
2. Күнделікті өмірде пайдаланып жүрген технологиялардың құрылыстары жеңілденіп, қызметтері арта түседі. Қолдану аясы кеңіп, қарапайымдандырылады. Тоқсыз жасайтын шаш кептіргіштер, қуат көзін қажет етпейтін смартфондар дүниеге келсе, таңғалмау керек.
3. Кейбір өздері үшін тауар өндіретін технологиялық компаниялар құрдымға кетуі мүмкін. Себебі, басқа компаниялар мен ұйымдар өз тауарларын тегін таратып немесе қарапайым халықтың жағдайына қарай тауар құнын белгілеп сатуы әбден мүмкін.
4. Роботтар отбасының бір мүшесі атанып, жасанды санамен еркін қарым-қатынас орнату – болашақтың еншісінде. Қазірдің өзінде технологияның жемісі атанған роботтарға сұраныс та, қызығушылық та артып келеді.
5. Дрондар әлемдік нарықта көп сұранысқа ие. Болашақта олардың қуаты артып, сенсорлық сапасы да, құны да тұтынушының көңілінен шығады. Қазіргі қабілеттері мен функциялары көбейеді, оған қоса, роботтардың көбеюіне ықпал ететін болады.
6. Адам жасай алмаған істерді робот өз қызметінің тізіміне қосады. Биікте тұрған кітапты алудан бастап, күрделі жұмыстарды атқарып, адамзатқа көмектесетін болады.
7. Токпен жүретін көліктер күнделікті өмірде кедергі келтіреді. Себебі үйрену қиын болады. Өйткені, электокөліктер біз ойлағаннан да ерте қолданысқа келеді. Тұрғындар көлікте келе жатып, жолға қарамай-ақ жүре алатын болады.
8. Электрокөліктер адамзатқа ерте келгенімен, халық арасына ақырын енеді. Кейін мүмкіндіктерін байқаған елге тез таралатын болады. Қуат көзін толтыратын орындарда (заправка) көліктерге қойылатын талаптар да мықты болмайды. Сол үшін электрокөліктер халыққа қолайлы болмақ.
9. Роботтоехникаға жаңалықтар еніп, ауыл шаруашылығындағы дәстүрлі өндіріс түрі жойылуы мүмкін. Бірақ, бұл тауар саны мен сапасының артуына мүмкіндік жасайды.
Медицина
10. Қазіргі таңда 3D-басып шығару әдісі кеңінен таралып жатқаны белгілі. Шеміршектер мен сүйектер осы жүйе арқылы науқасқа мөлшерлеп жасалатын болады. Біз әлі елестетпеген болашақта екінің бірі роботтарды 3D-басып шығару әдісімен жасай алады. Мұның көмегімен тіпті ағза мен теріні трансплатация жасау оңай болмақ.
11. Гендік тексерудің құны арзандап, халық қалаған уақытта тексеруден өте алатын болады. Бұл тексеру аурудың пайда болу қаупін алдын ала айтып береді. Емі табылмаған қатерлі ісік, неврологиялық аурулардың алдын алып, оның бетін алуға септігін тигізеді. Тұтынушылардың талабы ескеріліп, біз ойламаған дүниелер жарық көреді.
12. Жасанды сана емделуші туралы ақпаратты жинауда көмектеседі, қазіргі медицинадағы "қағазбастылықпен" жасанды сана айналысады.