Білгіңіз келсе...

Ақыл тісті алғызсаңыз, оны өзіңізде сақтағаныңыз дұрыс. Себебі, бұл тісте өсіп-өнбеген клеткалар бар екен. Олар жаңа тістің түзілуіне көмектесуі әбден мүмкін. 

"Disneyland & Walt Disney World" паркінің қызметкерлері көшеде үйсіз-күйсіз жүрген мысықтарды жинап, оларды жұмысқа жегетін көрінеді. Мысықтар парк аумағында тышқандардың көбейіп кетпеуін қадағалап отырады екен. 

ФБР мәліметіне сүйенсек, америкалық әскерилердің арасында қылмысты топтардың өкілдері АҚШ-тың жалпы аумағынан 50-100 пайызға көп болып отыр. 

"Жер бетіндегі ең бақытты өлке" саналатын Дания Еуропада антидепрессанттарды қолдану жағынан топ бастап тұр. 

1996 жылы Атлантада өткен жазғы Олимпиадада жергілікті үкімет үйсіз-күйсіздерді "заңнан тыс" деп тапқан. Мекенжайы жоқтардың барлығы дерлік ұсталып, ойын біткенше абақтыда отырыпты.  

Ым-ишара тілін ерте меңгерген балалар белгілі  бір тілді меңгеруде үлкен жетістікке жететін болып шықты. 

Францияның президенті Андорраның ханзадасы болып саналады. Сол арқылы, Андорра демакратиялық жүйеде монархты сайлайтын әлемдегі жалғыз ел болып шығады.

1926 жылы Будапештте бізге беймәлім бір даяшы өзіне қол жұмсап, қоштасу хатын сөзжұмбақ күйінде қалдырып кетеді:"Менің өлімім және оған қатысы бар жандардың есімдері мұнда жұмбақталған".

Полиция өкілдері жұмбақтың жауабын әрі ойлап, бері ойлап таба алмай, қоғамның жәрдемдесуін сұрайды. Алайда, сөзжұмбақты тісқаққан мамандар да шеше алмайды және әлі күнге жұмбағы шешілмеген күйі қалуда. 

“Пинг-понг” (“Ping Pong”) – тенниске арналған өнімдерді шығаратын компания атауы. Ал спорттың бұл түрі "үстел теннисі“ деп аталады.

Джеймс Бондтың рөлін сомдағаны үшін актер Дэниэл Крэйгке Aston Martin компаниясы өмірінің соңына дейін кез келген қалаған бір көлігін алуына болады деп уәде берген. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: twentytwowords.com; money.msn.com; tabletennis.about.com; autoevolution.com