Білгіңіз келетін қызықтар

1976 жылы Принстон оқу орнында үлгерімі орташа бір студент атом бомбасын қалай жасау керектігі турасында толыққанды семестрлік тапсырма жазған. Өз кезегінде әлгі жұмысқа бестік деген баға қойған ғалым-оқытушылар мадақ-мақтауларын аяп қалмаса да, студент жігітіміздің жұмысы сол күйі қайтарылмайды. Өйткені, дәл сол уақытта аталған еңбек ФБР-дің тәркілеуіне ұшыраған.


Он жыл бойына ағзасына шектен тыс есірткі мен ішімдік қабылдап, уланған Оззи Осборн "медицинада бұрын-соңды мұндай болмаған" атты генетикалық мутацияның арқасында ғана аман қала алған.

Қорқау қасқырларды зерттеп келген бір топ ғалымдар "Дисней" компаниясын сотқа беріпті. Себебі, «Лев король» мультфильмінде табиғаттың осы бір жаратылысының-ақ есіміне кір келген сыңайлы.

10 жасар Тилли Смит есімді қыз 2004 жылы Тайландтағы цунами кезінде өз отбасын және 100-ге жуық саяхатшыны құтқарып қалған. Бір қызығы, балпанақтай қыз мектептегі білімге сүйене отырып үлкен апаттың алғашқы белгілерін аңғарыпты.

Бізге жетіп отырған ең көне музыкалық туынды "Сейкилостың эпитафиясы" деп аталады. Әннің мәтіні мен нұсқалық нотасы осыдан 2000 жыл бұрын өмір сүрген грек Сейкилостың қабірінен табылған. Ең жақсысы сол, өлеңнің мәтіні өмірге қуануға және вино ішуге шақырады.

Бір уақыттарда шампан көпіршіктері орны толмас кемшілікке баланған. Тіпті, үстел үстіне қоярда арнайы құралдар пайданылыпты-мыс.

Жан-жануарды, өсімдік атаулыны улайтын вирус екеш вирустардың да өз тоғышарлары (паразит) бар. Мәселен, "Acanthamoeba polyphaga" амебасындағы вирус құрамынан вирус-тоғышар табылып отыр. 

Джонни Депп өзі түскен кинолардың бірде-бірін қарағысы келмейді екен.

Бірінші қылжақбас (клуон) Рональд Макдональдты артық салмағы үшін қуып жіберген.

 

Ерте кездерде де теңіз қарақшыларында медициналық сақтандыру болған. 

сурет:sashurik.ru ;forumklassika.ru; glamoursoveti.ru; nibler.ru   

Дайындаған: Фараби Арыстанбек