- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Білгіңіз келетін қызықтар...
Білгіңіз келетін қызықтар
Әлемнің ең қызықты деректерін назарларыңызға ұсынамыз. Бір қарап шығыңыз.
Дублин (Ирландия) – әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығына ең көп үміткерлер шыққан жер саналады: Уильям Йейтс, Бернард Шоу және Сэмюэл Беккет.
Швецияның бір заңы кішкентай баланы «Brfxxccxxmnpcccclllmmnprxvclmnckssqlbb11116″ деп айтуға тыйым салады.
Сегізаяқтар қысылтаяң шақта сол сәтке байланысты теңіз жануарларының 15 түріне еліктей алмақ.
Польшаның бізге белгісіз бір орманында имек тұмсық ағаштар өседі. Олардың мұндай формада өсуі беймәлім болып қала бермек.
Шанхайда үлкен "неке базары" орналасқан. Аптаның әр демалыс күндері ата-аналар мұнда келіп, өз балаларына лайықты жар іздейді.
Opisthoproctidae тұқымдасына жататын кей балықтардың бас сүйегі мөлдір шыны секілді. Дәл осы артықшылықтың арқасында жемтіктерін аулау оңайға соғады.
Фидель Кастро 12 жасқа толғанда, ол Франклин Рузвельтке 10 доллар жіберуін өтініп хат жазып жіберіпті. Сондағы мақсаты, олардың не ұсынатынын білгісі келген.
17 ғасырда ағылшын көгал алаңы ақсүйектіктің басты нышаны саналған. Сол уақытта кез келген бай адам есік алдында гүлзар ұстайтын болыпты.
Бұдан 3,5 миллион жылдар бұрын, жер бетінде жылқы мен горилланың ортақ тұқымдасында ұқсайтын жануарлар өмір сүрген. Олардың атауы – «халикотерий».
Шерлок Холмс туралы ең алғашқы фильм бір минуттан ұзаққа созылмайды.
Суға батқан шыбын қайта тіріліп кетуі әбден мүмкін.
Егер үздіксіз ойланар болса, онда Альцгеймер ауруының алдын алуға болады.
Джинсидегі кішкентай қалта (үлкен қалтаның ішіндегі) бастапқыда қалта сағатын салу үшін жоспарланған.
сурет:goroskop.mirtesen.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига