Халықаралық ауа-райын болжау орталығы дабыл қақты. 2016-2017 жылдар арасында болатын қыстың қаһар қатты. Қылышын сүйретіп келе жатқан биылғы қыста ғалымдар қатты аяз болады деп күтіп отыр. Тіпті жүз жыл болмаған суық әлемнің біраз бөлігінде адамдардың үсік шалуына әкелуі де мүмкін дейді. Бір ғасыр бойына болмаған суықтың негізгі уақыты қаңтар, ақпан айларында айқын сезіледі. Биыл көктемнің келуі де сәуір және мамыр айларының соңына дейін созылуы мүмкін.
«Қыстың қамын жазда ойла» деген қазақтың сөзіне аса мән берген дұрыс-ақ. Қыстың бұлай күрт өзгеруіне әрі суық болуына ауа қабаттарындағы өзгеріс әсер еткен.