Сіз білесіз бе, Биг-Бен – сіз ойлағандай Лондондық кескінде шығатын әр ашық хаттың бетіндегі Министірлік сарайының биік мұнарасы емес ( халықта аузында – Парламент дейді). Тіпті, мұнараға сән беріп тұрған сағат та емес. Биг-Бен – бұл сағат циферблаты артында орналасқан қоңырау.
Қоңырауға мұндай атау қашан берілгенін бүгінгі уақытқа дейін ешкім де нақты түсіндіріп айта алмайды. Бір деректерге қарағанда, қоңырау пішінін құятын сэр Бенджамин Холлдың кұрметіне деседі. Басқа деректерге сүйенсек, өз заманында әйгілі болған ауыр салмақтағы боксшы Бенджамин Каунттың құрметіне дейді. «Үлкен Бенджамин» қоңырауын Уайтчапела құю цехінен Парламент үйіне дейін 16 ақ боз ат тиелген арбамен жеткізген жұмысшылар өздерінің кумирлеріне сый-құрмет көрсетпек ниетпен осылай атап кеткен деседі.
Форумда талқылау
Сурет decorbells.ru, travelavia.com, realmagick.com сайттарынан алынған