Басы үлкен адамдар ақылды болады дейтіндер бар. Естір құлаққа мұның да жөні бар секілді сезіледі. Табиғат дүниесінде жәндіктердәң миы көбінесе иненің жасуындай кішкене болады да, олар қашан да милары едәуір дамыған омыртқалылардың құрбандығы болып жатады. Мысық, ит және қояндардың миы адамдар миынан кіші болады. Сөйтіп олар адамдармен қарсыласуға амалсыз қалып отырады.
Адамзат «18 мың ғаламның зердесі» деп аталған. Зердесі болатыны оның жетілген қауғадай басы болғандығында. Хайуанаттар дүниесінде адам тәрізді маймылдың зейіні алдыңғы қатарда тұрғанымен, олардың миының салмағы адамдар миының салмағына жетпейді. Орангутанның ми салмағы 420 г, шимпанзенің ми салмағы 500 грамға жуық. Адам тәрізді маймылдың миы адам миына аздап жуықтағанмен, белгілі дәрежеде төмен болады. Жаңа туылған нәрестенің ми ауырлығы әрең 390 грамм айналасында келеді де, өсе келе миы да ауырлап, үлкейіп, зейіні де жоғары дәрежеде дамиды. Қартайғанда ми ауырлығы да жеңілдейді. Осыларға негізделгенде басы үлкен адам зерек болатын сияқты.
Дей тұрғанмен, іс жүзіне келгенде басы үлкен адамның зерек болуы екіталай. Мысалы, басы кішкене тышқанның есте ұстау қаблеті басы үлкенірек қояннан күшті келеді. Ми ауырлығы жағынан адамзат та алдыңғы орында емес. Киттің ми ауырлығы 7000 грамм, пілдің ми ауырлығы 5000 грамм, бұлар адам миынан неше есе ауыр келеді. Ал олардың зейіні адамзаттікінен әлдеқайда алыс жатыр. Сондықтан Кеңес Одағының адамдарының миының жетілу дәрежесін антропологтар мынадай көрсеткіштермен бейнелеген: дене ауырлығы/ми ауырлығы. Осыдан шыққан көрсеткіш қанша үлкен болса, мида соншалық жетілген болады. Нәтижеде тышқанның көрсеткіші 0,19, адам тәрізді маймылдың көрсеткіші 7,35, адамның көрсеткіші 32 болып шыққан.
Мүмкін адамзаттың басы үлкендері зерек болатын да шығар! Жазушы Тургеновтің ми ауырлығы 2012 грамм тартқан. Алайда, кейбір дүниежүзілік әйгілі адамдардың миы ауыр салмақ тарта бермеген. Германияның әйгілі математигі Гаустің ми ауырлығы 1492 грамм. Италия ақыны Дантенің ми ауырлығы 1420 грамм ғана болған. Эйнштейн қайтыс болған соң, америка ғалымдары оның үлкен миын зерттеп көргенде қарапайым адамның миынан өзгешелігі болмаған. Ал кейбір әйгілі адамдардың миы онан да кіші болған. Кейбір ғалымдардың жүргізген зерттеуі нәтижесінде, сау денелі ересек адамдарда ердің миы 1000 грамнан, әйелдің миы 900 грамнан төмен болмаса, зейін-зердесінің жетілуіне тиімді болған.
Шынында да, адам миының көптеген қатпары үлкен ми қыртыс қабатының көлемін, сондай – ақ үлкен ми қыртыс қабатының клетка санын да арттыра түскен. Сондықтан, басы кішкене болғандардың ми клеткаларының аз болуы, басы үлкендердің ми клеткалары көп болуы екіталай. Оны былай қойғанда, адамдардың ақыл-парасаты көбінесе олардың тәрбиеленуіне байланысты. Басының кішкенелігінен уайымдайтындар болса, ол ойдан арылғаны дұрыс. Ал басы үлкендер оған мақтанбай, тырысып үйренгені жөн.
Жолдаған: Мақпал Бисембаева
сурет: avent-live.philips.ru