Дүниежүзіндегі ең үлкен ағаштардың бірі болып саналатын Баобаб туралы естулеріңіз бар ма? Әлбетте, бұл ағашты білмейтін жан жоқ шығар...
Баобаб (латынша Adansonia digitata) - африкалық саванналарда өсетін ағаштың бір түрі. Әлемдегі ең жуан ағаш деген атаққа ие болатын өсімдіктің ұзындығы 18-25 метр болса, жуандығы орта есеппен 10 метрді құрайды. Осы өсімдіктің кейбір түрлерінің жуандығы 40-50 метр шамасында болуы мүмкін. Ғаламторда жарияланған мағлұматтарға сенетін болсақ, Баобабтың өмір сүру уақыты шамамен 1000-5500 жыл шамасында. Сандардағы үлкен айырмашылықты баобабтағы жылдық шығыршықтардың жоқтығымен түсіндіруге болады. Баобаб ағашының адамға тигізетін пайдасы жайлы сөз қозғасақ.
Баобаб жемісінің балдыры үлкен қоректі әрі пайдалы аминқышқылдарға, дәрумендер мен микро және макроэлементтерге, сондай-ақ табиғи қышқылдарға толы болады екен. Баобабтың жапырағы, балдыры мен дәндері емдік қасиеттерге ие. Бұл ағаштың үлкен құндылығы жоғары сапалы тағамдық балдырларда жатыр. Саваннада тұратын адамдар Баобабты "өмір ағашы" деп те атайды.
Баобабтың бірегей құрамы мен қасиеті бұл өсімдіктің АҚШ пен Еуропа тұрғындары арасында тағамдық қоспа мен әртүрлі биоқосылғыштар ретінде кең қолданылуына әкелді. Бөшке секілді үрленген ағаштың үлкен діңі жаңбырлы кезеңде жауған жауынды ішінде сақтай алады. Жуан ағаштың тамырлары жердің ішіне терең кіріп кеткендіктен, Баобаб құмды даулар мен үлкен желдерден қорықпайды. Құрғақшылық кезеңінде жапырақтар сарғайып, ағаш өз өмір сүруін тоқтатады. Тіпті, шыбын-шіркей мен термиттер ағашқа еш әсер ете алмайды - ағаш ыдыс жуатын жұмсақ шүберек секілді дымқылданып тұрады.
Баобабтың адамға әкелетін пайдасы зор. Оның жапырағын тамаққа қосады, қабығынан баулар, гамактар мен себеттерді тоқиды. Ағаштың діңі қуыстарға толы болғандықтан, жануарлар мен құстар өзге жыртқыштардан қорғану үшін сол жерлерде тығылады. Егер саванналарда өрт туындаса, дымқыл болып тұратын Баобаб жанбайды. Ағаштың діңі көптеген жануарлар мен құстардың мекеніне айналған.
Сурет: interesnienovosti.ru