Бананға жоласаңыз, араға жем боласыз

Бананға жоласаңыз, араға жем боласыз

Құмырсқалармен және аралармен қатынас құру үшін ерекше тәсілдер қажет. Кімнің оларға жем болып, зардап шеккісі келеді дейсіз? Бірақ қалай? Біз олардың тілін білмейміз ғой...

Олар небәрі алты апта ғана өмір сүреді және олардың илеулерінде мыңдаған отбасы мүшелері өмір сүретіндігімен бір-бірінің түрін жаттай бермейді екен. Олай болса, бір-бірін қалай таниды дейсіз бе? Бәрі де оп-оңай. Олар өз туыстарын және қызметтерін иіс арқылы бөледі. Орталарына рұқсатсыз еніп кеткен "бөтендердің" иісі өзгеше болса, бірден қуып шығатын көрінеді.

Бал аралары өздерінің патшаларының басқа жаққа ұшып кеткендігін иісі сезілмей қалғандығынан біліп отырады. Және аралардың шабуылы да құрбандардың иісіне тікелей байланысты. Ара өзінің жемтігіне шабуыл жасаған кезде, ен салып кетеді екен, бұл өзгелерге шағылған "құрбанның" қауіптілігін және одан қашу керектігін білдіреді.

Бұл иіс - бананның иісін еске салады. Банан иістілер - аралардың негізгі жауы. Омарташылар адамдарға банан иісті косметикалық құралдардан аулақ болуға, әсіресе, омартаға жолыңыз түсе қалса, бананды тағамдарды жемеуге кеңес береді. Осыған қатысты шабуылдар орын алған: кейде банан жеген тәжірибесіз омарташылар ара ұяларына келіп, түктері қалмай таланып қайтқан кездері аз болмаған.

Керісінше, егер сіз аралардан алыс жүріп, шағып алу қаупінен қорғанғыңыз келсе, теріні бадам майымен сылап, кез келген бадам иісті косметиканы қолданып жүріңіз. Өйткені, аралар бадам иісінен қорқады. 


Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева