- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Балпанақтар қойған ойын...
Балпанақтар қойған ойын
Айналамызда өзімізбен қатар өмір сүріп отырған хайуанаттар да өзіндік құқыққа ие. Оларды аялай біліңіз, өмір сүрген ортасына құрмет ете біліңіз. Адам баласының адамгершілігі де сонда.
Англияның Ливерпуль қаласындағы мәлім бір сауда сарайы алармандарды өзіне баурау үшін 5 дана балпанақты (пингвин) «көмекке шақырған». Балпанақтың қызықты да, сүйкімді бейнесі бәрімізге аян. Олар бұл бесеуіне мұз айдынында ойын қойдырған. Бұл бастама көптеген көрермендерді өзіне баурағанымен, хайуанаттарды қорғау қоғамы бұл сауда дүкеніне наразылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша сауда сарайындағы мұз алаңында ойын көрсеткен бұл сүйкімді балпанақтар Чили маңында жасайтын «Гонбад пингвині» екен. «Олар суық жерде жасамайды. Ежелден қар-мұз атаулыны көрген емес. Сондықтан да бұл сауда сарайының жасап отырғаны адамгершілікке сай емес. Бұл хайуанаттарды қорлау» деп айыптап отыр.
Сондай-ақ олар бұл «қызықты» ойынның жауаптысы балпанақтардың түрін, жасау ортасын және ерекшелігін түсінбеген деп отыр. Сонымен қоймай өз бетінше оларды мұз үстіне шығарған. Ал көрермендер болса, олардың суықтан жаураған, қатты үрейленген бейшара халдерін сүйкімділікке балап, тоқтаусыз суретке түсіріп отырған. Ешкім де бұл түрдегі балпанақтардың жылы өңірде жасайтынын білмеген.
Хайуанаттарды қорғау қоғамы тексеру арқылы, «Аптап ыстыққа шыдамды, суықтан қорқатын Гонбад балпанағын мұз үстіне қоя беру – жануарлар құқығын бұзу. Бұл сауда сарайын басқарушылардың қылмысы» деп арыз ұсынып отыр.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: uralinform.ru
Қ. Қауымбек