Жуырда израильдік Pediatrics журналына Моцарттың музыкалық композицияларының таңғажайып "жанама" әсері туралы мақала жарияланды.
Жалпы, ғалымдар тарапынан Моцарт туындыларының шипалық қасиеттері туралы жорамалдар алғаш рет айтылып отырған жоқ. Осыдан біршама уақыт бұрын әлемді таңқалдырған "Моцарт эффектісі" жобасы аз ғана уақытқа болсын студенттердің интеллектуалдық қасиеттерінің артуына септігін тигізген болатын.
Сондай-ақ, сұлу әуеннің жүктілік кезіндегі рөлі де аса жоғары екен. Ғылыми тілмен айтқанда, сазды әуен баланың сенсомоторлық, тілдік, эмоционалдық, әлеуметтік, физикалық дамуына ықпал етеді. Тіпті, кейбір сарапшылар болашақ аналардың Моцарт туындыларын тыңдау арқылы құрсақтағы нәрестенің музыкаға деген қабілетінің артуына себепкер бола алады дегенді айтып отыр.
Тель-Авивалық зерттеушілер таяуда ғана Моцарт шығармалары шала туған баланың толық дамуына әсер ете алады дегенді мәлімдеді. Тәжірбиелік жұмыстар барысында 10-30 минут бойы Моцарт шығармасын тыңдаған баланың зат алмасуы 13%-ға жоғарылаған. Нәресте бұл әуенді неғұрлым жиі тыңдаған сайын салмақ жинау бастаған екен.
Алайда, Моцарт әуендерінің осыншалықты құдіретіне қандай жағдайдың немесе нендей күштің себепкер болғандығы анықталмай келеді.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Суреттер: wday.ru, odinklik.com