Ата-ананың баласын еркелетуіне болады, алайда бәрі орынды болғаны жөн. Бала тәрбиесі мамандары баланы қалыптан тыс еркелету тым нәтижелі бола бермейтіндігі туралы төмендегідей түсіндірулер жасады.
Балаңыз өзімшіл болып өседі
Қалыптан тыс еркелеткен бала ата-анасының сенікі ғана жөн деп санайтын көзқарасын жадында сақтап, басқаларды көзге ілмей, басқалардың тұрғысында ойлану сынды көзқарастарды қайырып қойып, тек менікі ғана жөн деп қарайтын нашар дағды қалыптастырады.
Алайда, ішінара адамдардың назарында мына қоғамда өзімшіл болсаң зиян тартпайсың деген ұғымдар да жоқ емес. Міне, бұл ең үлкен қате түсінік. Өзімшілдік те тек қана белгілі бір мезеттегі белгілі бір жағдайды меңзейді, алайда кәсіп жағында өзімшіл болсаң жеңіліске ұшырайсың, сүйіспеншілік тұрмыс жағында да бұндай болудың қатері күшті.
Өркеуде болып жетіледі
Баланы аялау мен еркелету рухани және заттық жақтағы қарым-қатынас. Баланы әлпештеуде баланың заттық шартын қанағаттандырып, көңілді болуы үшін қолын қақпайсыз, алайда сіз бұл жерде балаға рухани жақтан қамқорлық жасауды қағыс қалдырып қоясыз, міне осындай ортада бала тұйық мінезді, ашуланғыш болып өседі. Егер балаңыздың ырқына көне берсеңіз, көптеген үйлесімсіз талаптарын қанағаттандырумен әбігер болып жүретін болсаңыз, балаңыз менің талабым қай кезде де орындала береді екен деген идеямен ешкімге жол бермейтін, кешірім жасауды білмейтін, әрқандай бір қиындыққа төзімділік етпейтін өркеуде мінез қалыптастырады.
Шаруаға ұқыпсыз әрі тәртіпсіз болады
Тым шолжаң өскен баланың киер киім, ішер асын түгелдей ата-анасы қамдап беретіндіктен, ешқандай іспен жұмысы болмай, бара-бара қолынан ешқандай іс келмейтін адамға айналады. Бірер жұмысты тапсырсаңыз тындырымды істей алмайды әрі басқа жанның барлығы өзін ғана тыңдаса дейтін нашар әдет қалыптастырады да келешекте қоғамға керексіз адам болып шығады.
Үлкенді құрметтеу сынды жора-жосынды білмейді
Ата-аналардың шектен тыс шолжаңдатуының кесірінен балалардың кейбір нашар әдеттері тыйымсыз кетіп, әдеп-ибаны, үлкенді құрметтеу дегенді білмейтін, тіпті, үлкендермен қарсыласуға дейін баратын болады.
Әлсіз, қиыншылыққа төтеп бере алмайды
Үнемі ата-анасының қорғаштауында болған бала қиыншылық дегеннің не екенін мүлде түсінбейді, өйткені қандай істің барлығын ата-анасы шешіп береді, аяқ астынан қиыншылыққа кезіксе, төтеп бере алмайды, ірі істерді тындыруға дәрмені жетпейді. Ол бейне жылыжайда өсірілген гүл іспетті, жылыжайдан айрылса желмен бірге ұшып кететіндей болады.
Адамдармен қарым-қатынасы сәйкесімді болмайды
Өте шолжаң өскен бала өзімшіл болатындықтан, барлығында өзінікін жөн санап, әдеп пен тәртіпті болуға назар аудармайтындықтан, табиғи түрде кісілік қарым-қатынасын сәйкесімді жөнге сала алмайды.
Денсаулық жағдайында ақау туылады
Балалардың өте шолжаң болуы денсаулық ақаусыздығына ықпал жасайтын ең маңызды фактор. Мұндай балалар тамақ таңдағыш болатындықтан, асқа тәбеті оңай нашарлайды; не болмаса қалыптан тыс тоя тамақтанады да қалыпсыз семіреді. Мұндай балалар жалқау болғандықтан, ырықтылықпен дене шынықтырмайды да денсаулықтары күннен-күнге нашарлайды. Кішкене күнінен бастап аурудың ығына қарай жығылып, денсаулығына ақау түсіреді.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: muqindaxue.com