- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Бағдаршамды ойлап тапқан...
Бағдаршамды ойлап тапқан кім?
Ең алғашқы көшелік бағдаршам 1868 жылы Лондонда пайда болған. Оны ойлап тапқан ағылшындық инженер Найт болатын. Көшелік бағдаршамның алғашқы нұсқалары темір жол қатынасында тұрақты түрде пайдаланылған.
Ұлы Британия парламентінің алдында орналасқан алғашқы бағдаршам механикалық болған: түсті сигналдар тартқыш қайыс арқылы басқарылған. Ол үшін бағдаршамның қасында күні-түні милиция қызметкері қарауылдап, іске қосып тұрған.
Осы бір бағдаршамдар іске қосылуы үшін алғаш Лондон газеттерінде арнайы ережелер (Қызыл түс нені білдіреді? Көк түс ше?) жазылып түсіндіріледі. Содан араға көп уақыт салмай, түн ішінде де көрініп тұруы үшін газ фонарлары қолданылады. Алайда, газ фонары күндердің бір күндері кенеттен жарылып кетіп, өтіп бара жатқан адамға ауыр жарақат салады. Содан жарты ғасырға жуық істен шығып қалады.
Ең алғашқы автоматты реттеуіш орнатылған бағдаршам АҚШ-тың Кливленде штатында 1914 жылы дүниеге келді. Кейінірек Чикаго мен Нью-Йорк қалаларынан орын тепті. Сол кездегі бағдаршамдар лондондық сияқты екі түсті ( қызыл мен жасыл) болса да, электрленгені үшін басып озатын еді.
Ал сары түс 1918 жылы ғана пайда болды.
Сурет: bilim.idhost.kz
Л. Лига