- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Бағалы жүгері (видео)...
Бағалы жүгері (видео)
Жер бетінде сырты сұлу көкөністер бар шығар, алайда мына бір жүгері тұқымы таң қалдырмай тұра алмайды. Оны сол үшін де құбылмалы немесе бағалы шыны әйнекті жүгері деп жатады...
Уақыт өте келе жүгерінің түр-түсі өзгереді деп кім ойлаған. Ауыл шаруашылығы мамандарының ашқан тағы бір жаңалығы - «Glass Gem» жүгері собығы.
Тұқымды Оклахоманың фермері Карл Барнс дүниеге келтірген. Бірде ол жүгері собықтарының уақыт өте келе әртүрлі түсте болатынын аңғарған. Бұл деректің оны таңқалдырғаны соншалық, сосын ол бүкіл ғұмырын осы бір ауыл шаруашылық өнімінің өсіп-өнуіне жұмсапты. Барнстың жүгері тұқымының қанша түрін алмастырып, қанша түрін ауыстырғаны белгісіз, алайда, толассыз жетістіктерге қол жеткізгені көрініп тұр...
Көпшілік адам жүгері собығын өнердің теңдессіз түріне жатқызады.
Кейіндеу көз жұмар кезінде топтаушы азамат асыл мұрасын басқа фермерге табыстап, ешқашан тұқымның жоғалмауына уәде алып кеткен екен.
Бір жолы тұқымның бір уысы Аризонадағы шағын ауыл шаруашылық компаниясының иесі Билл Макдорменнің қолына түседі. Ол жүгерінің кереметін өз көзімен көруі үшін егіп көреді. Өсіп шыққан соң, қараса...
Енді Билл Макдормен осы бір бағалы жүгері тұқымын сақтаумен айналысады. Жүгері собығы веб-сайт арқылы сатылымға шыққан. Бір түйіншегі сегіз долларға түсіп, одан әртүрлі түстегі попкорн немесе өзгені таңғалдыру үшін ұстап жүре алады екенсіз.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: beautifulworldf.ru
Л. Лига