Аз қозғалыс ауруға шалдықтырады

The Guardian-ның мәлімдеуінше, Еуропадағы ең аз қозғалатын ұлттардың қатарында ағылшын, мальта, серб халықтары көш бастап тұр екен. 

Бүгінгі таңда Ұлыбритания халқының 63,3%-ы, Мальта халқының 68,3%-ы және Сербия халқының 71,9%-ы әлеует арттыратын және денсаулық үшін аса пайдалы болып саналатын физикалық белсенділікпен айналыспайды. Бұл дегеніміз, аптасына үш рет 1 сағат ұзақтықта дене шынықтырумен айналысу түгілі, күніне 30 минут жаяу жүрудің өзіне ерінеді деген сөз.

Керісінше, Еуропадағы өте белсенді ұлттарға гректер (16%), Эстония (17%) мен Нидерланды (18%) халқы жатады. Сонымен қатар, АҚШ-тағы белсенді емес халықтар үлесі 41%-ды, ал Канадада 34%-ды құрап отыр. 

Сіз білесіз бе, қозғалыссыз өмір сүрудің 10% жағдайында жүрек қан тамыры ауруы, диабет, ішек және сүт безінің қатерлі ісігі сияқты ауруларға шалдығуға болады. Дерек бойынша, 2008 жылы 58 миллионнан 5,3 миллион адам қозғалыссыз өмір сүріп, аталған ауру түрлерінен қаза тапқан.  

Сурет:vk.com

Дайындаған: Фараби Бақыт