- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- "Әйелдер-ай, әйелдер..."...
"Әйелдер-ай, әйелдер..."
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгәләган шарана тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашан қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алыбы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі - алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. 8 наурыз мерекесі қарсаңында сіздермен әйел тақырбында біраз әңгіме қозғадық. Жалғастырайық. Гиннестің рекордтар кітабына енген алтын құрсақты аналармен таныс болыңыз.
- 1782 жылы жасалған статистика бойынша (1725-1765 жылдар аралығы) дүниеге ең көп сәби әкелген Федор Васильев атты орыс шаруасының жұбайы екен. Ол 27 рет босанған: 16 рет егіз, 7 рет үшем, 4 рет төртем. Олардың ішінде екеуі ғана шақалақ кезінде қайтыс болған.
- Одан кейінгі жылдары, яғни 1943-81 жылдары шығарылған статистика бойынша, ең көп құрсақ көтерген ана Сан-Антонионың (Чили) тұрғыны Леонтина Альбина болып отыр. Ол өмірге 55 бала әкелген. Алғашқы бес жүктілігінде қатарынан үшемдерді дүниеге әкелген көрінеді. Тағы бір таңқаларлығы он бесі де ұл бала екен.
- Ұлыбританиялық Элизабет Гринхилл 38 рет босанған. Оның 39 перзенті болған: отыз екісі қыз бала, жетеуі ұл бала.
- Ең кәрі ана алпыс үш жаста екен. Италиялық Розанна Далла алпыс үш жасқа қараған шағында ұл баланы дүниеге әкеліп, бедеулікке алып баратын ем қабылдайды. Оңтүстік Калифорния Университетінің хабарлауы бойынша, 1996 жылы Арсели Кех есімді алпыс үш жастағы ана құрсақ көтерген.
- 1955 жылы италиялық Кармелина Феделе 10,2 келі ұл баланы дүниеге әкелген. Таңқаларлығы, шақалақ та, ана да аман-есен қалған.
- 1992 жылы Ұлыбритания тұрғыны Гай Уорвик Карр 7 келі перзентін құшқан.
- 1989 жылы АҚШ-тың Иллинойс штатында 281 грамм қыз бала тіркелген.
Суреттер:vk.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева