- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Әйел өмірінің бір...
Әйел өмірінің бір жылы диетаны ойлауға кетеді
Артық салмақ пен калория есептеу - сұлу әрі тартымды көрінгісі келетін көпшілік әйелдің бас ауыруы. Британдық зерттеушілер әйелдердің осы бір уайымға қанша уақыттары кететіндіктерін есептеп көріпті.
Анықталғандай, әйелдер артық калория мен өздерінің салмағы туралы ойға немесе бас қатыруларға шамамен бір жыл кетіретін болып шықты.
Зерттеу көрсетіп отырғандай, әйелдер орта есепте күініне 21 минут немесе аптасына екі сағат тағам мөлшері туралы ойлап, айтады екен. 67 жастың 355 күні жүгіруге жұмсалатын болып отыр, деп хабарлайды MedDaily.
Көптеген ерлер де осы бір көрсеткіште ханымдардан қалыс қалғанына қарамастан, өз салмақтары турасында жиі мазаланатындары расқа айналды. Сауалнама көртсеткендей, ерлердің 38 пайызы калория туралы ой пішулеріне күніне 18 минуттарын немесе жылына 109 сағаттарын жұмсайды (бұл көрсеткіш бүкіл өмір бойына 304 күнді құрайды).
Мотивацияға келер болсақ, адамдар көбіне "сүйкімді сыңарларын" қуантып тұру үшін ғана сыртқы қалыптарын сақтап қалуға тырысатын көрінеді (сауалнамаға қатысқандардың 38 пайызы).
Зерттеушілер сонымен қатар, көптеген адамдардың жаңа заманауи технологияларды салмақтарын ретке келтіруде пайданалатындықтарын анықтады. Мысалы, сауалнамаға қатысқан жандардың 20 пайызы смартфонға арналған арнайы жүктемелерді (приложение) тағам мөлшерінің артық калориясын есептеуде қолданатындықтарын мойындаған.
сурет:my.mail.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига