- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Айдан көрінетін жалғыз...
Айдан көрінетін жалғыз туынды
"Ұлы Қытай қорғаны"-деп жауап берсеңіз, онда он есе қателесесіз.
Адам баласының қолынан шыққан туындыларды тектен-текке Ай бетінде тұрып көре салу мүмкін емес.
Мәселен, Ұлы Қытай қорғаны – "Айдан көрінетін адам баласының жалғыз туындысы". Көпшілік пікір осы. Осы пікірге сүйенеді де. Тек "Айды" "Ғарышпен" шатастыратыны болмаса...
Ғарыш әлемінің бізге жақындығы белгілі. Шамалап алсақ, жер бетінен 100 км жоғарыдан бастау алады. Әріден айтсақ, адамзат баласы тудырған көптеген дүниелердің куәсі боласыз. Беріден айтсақ, теңіз бетіндегі кемелерді, теміржол тораптарын, қалалар мен жолдарды, астық алқаптарын, тіпті, жекелеген ғимараттарды да көре аласыз.
Бірақ, осынау қашықтықтан тағы да мыңдаған километрге алыс кетсеңіз, онда түк те көре алмайсыз. Бәрі сағымға айналып үлгереді. Мұндай жағдайда әңгіменің өзегі болған, жер дүниесінен 400 мың км қашықтықта жатқан Айды айтудың өзі күлкілі емес пе?! Жер екеш жер бетінің сұлбасын айырудың өзі қиынның-қиыны шығар.
Демек, танымал "Қуанышты сәт" үстел үсті ойыны қанша сендіріп бақса да, Ай бетінің кез келген жерінен жалғыз Ұлы Қытай қорғанын көру мүмкін емес. Ешқашан.
Форумда талқылау
Суреттер astrotime.ru сайтынан алынған
Ж. FM