- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Айда өскен өсімдік...
Айда өскен өсімдік
Мақтаның дәнегі – Ай бетіндегі арнайы саңылаусыз контейнерде өсіп шыққан тарихтағы біздің ғаламшардан жеткізілген алғашқы өсімдік.
«Chang'e-4» – Айдың арғы бетіне қонған тарихтағы алғашқы аппарат. Өсімдіктердің дәнектеріне жасалатын тәжірибелерден бөлек ол Ай топырағын алып, оның сынамаларын талдайды.
Өсімдіктерді Айда өсіру тәжірибесінің авторлары – Lunar Micro Ecosystem. Ғалымдар осыған дейін Айдағы тартылыс күші жағдайында бұны істей алатындарына сенімді болмаған.
Мақта дәнектері Айға айрықша кұнарлы орта түзілген саңылаусыз контейнер ішінде жеткізілген. Оның ішінде картоп, ашытқы дәнектері және жеміс-жидек шыбынының тұқымы болған. Бұған қоса, контейнерлер екі камерамен жарақталып, ғалымдар сол камералар арқылы үдерістерді бақылап отырған.
Chang'e-4 Ай станциясы сәтті қонып, жұмысын бастаған соң, қытай аэроғарыш инженерлері үшөлшемді баспа технологиясын барынша қолдана отырып, ай базасын салуды бастауды жоспарлаған. Жердің жалғыз серігінің бетіндегі ондай нысан келешекте Марсқа жасалатын миссия үшін үшөлшемді құрылыс технологияларының сынақ полигоны болуы мүмкін екендігі айтқан.
Г. Берік