- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Аустралиялық қолында құлақ...
Аустралиялық қолында құлақ өсірді
Стеларк (Stelarc) лақап атымен белгілі Аустралия тұрғыны қолында құлақ өсіріп, хирургия саласында төңкеріс жасауды мақсат еткен. Оның ойынша, өсірілген табиғи құлақты кейін трансплантациялауға болады. Бұл туралы АҚШ-тың ABC News порталы хабарлады.
Стеларк – инновациялық технологиялардың дамуын жақтаушы азамат. Сондықтан, жаңа құлақпен бірқатар тәжірибелерді жүзеге асырып көрмек. Әзірге, құлақ сынақ жүргізушінің қолында әрең көрінеді.
Ол құлақты жандандыру үшін Wi-Fi модулі бар микрофон қолданып келеді. Оның ойынша, дыбыстың әсерінен құлақтың тыңдау сенсорлары өздігінен қалыптасады. Айта кетсек, бұған дейінгі микрофонмен жүргізілген тәжірибе сәтсіз аяқталды.
Стеларк 1970-жылдардан бері өз үстінде әртүрлі тәжірибелер жүргізіп келеді. Ал қолда құлақты өсіру үшін 20 жыл уақытын жұмсалған. Алғашқы он жылда оның ізі байқалмаса да, екінші онжылдықта құлақ толық нұсқада көріне бастаған.
Стеларк болашақта адам өзіне қажет дене мүшелерін өзі өсіре алатынына сенеді. Тек әзірге дене мүшелерін трансплантациялау үшін ота жасалмайды. Келесі он жылда бұл да күнделікті өміріміздің үдерісіне айналуы бек мүмкін.
Ал сіз Стеларктың инновациялық жобасын қолдайсыз ба?
Ж. Өрісбай