Америкалық метереологтар қоғамы жасаған зерттеу жұмыстарының нәтижесі ғалымдар арасында резонанс тудырды. Олар ауа райын болжауда метереологтарға Wi-Fi желісі кедергі болатынын айтады.
Күнделікті жұмыста метереологтар ауа райының болжамын нақтылау үшін арнайы құрылған радарларды пайдаланады. Олар техникалық аппараттар арқылы атмосфераға радиотолқын жіберіп, жауын-шашын мол түсетін аймақтың координаталарын анықтайды. Сонымен қатар, желдің бағыты мен жылдамдығын анықтау да өте маңызды. Ал Wi-Fi желісінің қабылдағыш роутерлері де радиотолқындар қозғалатын қабатта ақпарат алмасады. Нәтижесінде ғаламтор желісі радарлардың бұрыс ақпарат алуына негіз болады.
«Wi-Fi желісінің электромагниті осал болған жерде радарларға еш қауіп жоқ. Дегенмен интернет жылдам дамып жатқандықтан, роутерлер қуаты да артып келеді. Бұл метереологтарға айтарлықтай кедергі тудырады. Нәтижесінде табиғи апаттардың алдын алу мүмкін болмай қалады. Торнадо немесе күрделі конвективті жүйенің жақындап келе жатқанын хабарлап үлгермейміз», — дейді Хельсинкидегі (Финляндия) Метереологиялық институттың маманы Элена Салтикофф (Elena Saltikoff).
Зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар радиожиіліктерге жауапты халықаралық ұйымдардың бұл мәселенің шешімін тезірек табуы керек екенін айтады. Проблема шешімін таппаса, табиғи апаттардың салдары ауыр болуы ықтимал.