Өзінің осындай ұзақ атымен белгілі болған Чаргоггагоггманчауггагоггчаубунагунгамаугг өзені Массачусетс штатының Вебстер қалашығында орналасқан. Әлемдегі ең ұзақ географиялық атауға тіпті жергілікті халықтың өзінің тілі келмейді екен. Сондықтан да жергілікті халық мұндай «керемет» атаудан бас тартып, Вебстер өзені деп атағанды қолай көреді.
Бұндай сирек кездесетін атау көптеген аңыздар мен сан қилы оқиғаларға толы тарихы бар байырғы үндістерден америкалықтарға қалған «сыйлық» екен.
Халық арасына кең тараған аңыздардың бірі Чаргоггагоггманчауггагоггчаубунагунгамаугг сөзінің «Сен өз жағалауыңнан балық ұстайсың, мен қарсы бетіңнен қармақ саламын, бірақ ешкім де теңіздің ортасынан балық аулай алмайды» деген мағынаны беретіні жайында айтылады.
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: mirfactov.com