Атақты дүкендерде тыңшы-маникен қызмет атқаратын болады

Қылмыскерлерді тез арада табу мақсатымен атақты дүкендер желісі жаңа технологиялармен және бейнекамерамен жабдықталған маникендерді пайдаланатын болады.  

Маникендерді шығарумен айналысатын Almax SpA компаниясының жаңа жобасы EyeSee деп аталады. Маникенге қондырылған камера адамдарды түсіріп, жиналған мәліметтер компьютерде орналасқан арнайы бағдарламаға жіберіледі. Ондағы мәліметтер базасы өз кезегінде адамдар туралы толық ақпарат шығарып беретін болады.  

Осындай типтегі маникендер 2011 жылдың желтоқсан айында да сатылымға шыққан болатын. Қазірдің өзінде-ақ американдық және еуропалық дүкендердің көпшілігі осындай маникендерді өз саудаларында қолданып жүр. Маникен бағасы да қомақты - 5 мың доллар.   

Маникен шығарушы компания Almax өзінің EyeSee технологиясын одан әрі жетілдіруді жоспарлап отырғандықтарын да айтты. Дәлірек айтсақ, сатып алушылардың әңгімесін тыңдау үшін құрастырушы мамандар болашақта маникенге "тыңдау датчигін" орнатпақ екен. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: 3dnews.ru