"Асыл тас" ғаламшары табылды

Француз және амери­кандық астрономдар Шаян шоқжұлдызы­ ішінен ерекше ғаламшарды анықтады. Ол Жер шарынан 40 жарық жылы қашықтықта орналасқан екен. Ең қызығы сол ғаламшар алмас тастардан тұрады екен.


Жаңа ғаламшарға 55 Cancri e деген ат беріліпті. Йель универ­ситетінің астрономы Никка Мадхусудханның айтуынша, бұл ғаламшар Жер шарынан өзінің химиялық құрылымымен ерекшеленеді. 55 Cancri e-дің радиу­сы біздің ғалам­шар­дікінен екі есе үлкен болса, ал оның массасы Жерден сегіз есе ауыр. Температурасы Фа­рен­гейт бойынша +3900 градус болады. Ғаламшар атына ие болғанмен, мұндай температурада тіршілік атауының болмайтыны белгілі. Астроном-ғалымдар осындай жаңалықтарға қарап, соңғы кезде аспан әлеміндегі денелердің көбі осындай асыл тастардан тұруы мүмкін деп болжап отыр.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: idealab.talkingpointsmemo.com, mirfactov.com