- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Астрономдар Юпитердің егізін...
Астрономдар Юпитердің егізін тапты
Бізден шамамен 200 жарық жылына тең қашықта жатқан Кит шоқжұлдызында HIP 11915 атауына ие жұлдыз бар. Ол Күн жүйесіне өте ұқсас әрі шамамен бір уақытта қалыптасқан. Расында «Құс Жолы» галактикасында біздің Күнге аналог болатын ғарыш нысандары көп. Дегенмен HIP 11915 жұлдызы астрономдарды қызықтыра түскен. Себебі аталған жұлдыз жүйесінде Юпитердің егізі табылды.
Юпитер – Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар. Ал ғаламшарлар тізбегінде бесінші болып орбиталық бағыт түзген. Айта кетсек, Юпитердің негізгі құрамы газдан тұрады. Ғалымдардың айтуынша, ол Күннің мыңнан бір бөлігін құрайды екен. Юпитердің Күнді 12 жылда бір рет толық айналып шығады. Ал оның радиусы 69 911 шақырымды құрап, Күннен 778,5 миллион шақырым қашықта айналады.
Бір қызығы, Юпитер тек өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленбейді. Себебі дәл осындай артықшылық HIP 11915 жүйесіндегі ғаламшарға да тән екен. Мұндай ақпаратты Чилидегі Ла-Силья обсерваториясының ғалымдары ұсынып отыр.
Ж. Өрісбай