NASA ғарыш агенттігіне тиесілі «Чандра» ғарыштық рентгенді обсерваториясы кішкене ақ түсті топқа жататын жұлдыздың жарылысынан пайда болған қалдықтың суретін жариялады. Обсерваторияның назарына іліккен жұлдыз G299.2-2.9 атауына ие болды. Аталған жұлдыз «Құс жолы» галактикасында орналасқан.
G299 – Ia категориясына жататын жаңа жұлдыздар типінен қалған көрініс. Астрономдардың айтуынша, G299 термоядролы жарылыстан кейін өте үлкен энергияға ие болған. Жарылыстың өз жүйесінің территориясынан тысқа шығып кетуінің бір себебі осында жатса керек.
Жұлдыздың массасы біздің Күннен 1,4 есеге көп. Ғалымдар үлкен дүмпу болу себебін екі түрлі нұсқамен түсіндіреді. Бір ғалымдар екі жұлдыздың бір-бірімен соқтығысу салдарынан болғанын айғақтаса, екіншілері әртүрлі нысандардың тартылу есебінен массасының өзгеруі дүмпуге алып келгенін болжайды.
Ғылыми теорияға орай, жұлдыздың жарылысынан кейін, оның орнында газ пайда болады. Ал газ шексіз кеңістікке бірден таралып кетпейтіндіктен, ғалымдар обсерваторияда алынған суреттер арқылы дүмпудің уақыты мен мөлшерін анықтай алады.
Сурет: sciencegaveuslot.com
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар Күн сәулесінен сұйық жанармай алу жолын тапты
Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)
Ғалымдар жаңа металл түрін ойлап тапты
Стэнфорд ғалымдары қартаймаудың амалын тапты
Ғалымдар галактикамыздың жаңа картасын таныстырды