Жуырда астрономдар «Құс Жолы» галактикасынан тыста орналасқан 8 ғаламшарды тауып, олардың бірі Жерге өте ұқсас екенін анықтады.
Экзоғаламшарлар туралы ақпаратты ғарыштағы Kepler телескобы ашқан. Аталған телескопты NASA ғарыш агенттігі 2009 жылы ұшырған болатын. Kepler бүгінге дейін 4000-нан астам ғарыш нысанын анықтап, оның 1000-ға жуығын ғарыш картасына ресми тіркеген.
Табылған сегіз ғаламшардың үшеуі біздің галактикамызға ең жақын орналасқан қара ойыққа қарама-қарсы жақтан орын тепкен. Олардың біреуінде атмосфералық қабаттың бар екені анықталған. Сәйкесінше ауа бар болса, тіршіліктің болуы да ықтимал. Дегенмен бұл әзірге гипотеза күйінде қалып отыр.
Осыған дейін HIP 116454 b атауына ие болған Жердің аналогы табылғаны туралы жазған болатынбыз. Олардың физикалық құрылымдары ұқсас келетіні де ғалымдарды ойландырып отыр. Ғаламшарлардың жерден шамамен бірдей жарық жылына тең қашықтықта орналасқандығы терең зерттеуді қажет етуіне түрткі болған.
«Зерттеу жұмыстары ресми жарияланбас бұрын, Kepler телескобы ашылған нысандарды төрт жыл бойы мұқият бақылаған. Нақты деректер толық болғаннан кейін ғалымдардың пайымы бір ортадан шығып отыр», - дейді SETI Институтының астрофизигі Фергал Муллалли.
NASA агенттігінің белгілі ғалымдары нысанаға алынған ғаламшарларды зерттеуді жалғастырады. Себебі біздің атмосфераға ұқсас мекенді табу адамзат болашағының кепілі болмақ. Ғалымдар жұмыстың оң нәтижесіне сенім артып отыр.
Сурет: jcpost.com