- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Астронавтар тіршіліктің жаңа...
Астронавтар тіршіліктің жаңа формасын тапты
Еуропа ғарыш агенттігінің астронавтары Сардиния аралындағы үңгірден адамзатқа бұрын-соңды белгілі болмаған тіршілік иесін тауып алды.
Болашақ ғарышкерлер CAVE атты дайындық бағдарламасынан өтіп жатқан еді. Халықаралық ғарыш станциясына экспедиция жобасының аясындағы шараға астронавтар осылайша жер астында дайындалды.
Осындай сынақтардың барысында ғарышкерлер жергілікті фаунаны зерттеу мақсатында шіріген бүйрек пен ірімшіктен қақпан құрды.
Жиылған материалдарды классификациялау барысында зерттеушілер ұзындығы бар-жоғы 8 миллиметр болатын тіршілік иесін тауып алды. Анализдің нәтижесінде жәндік ғылымға бұдан бұрын белгіз болған есекқұртың бір түрі болып шықты.
Бұл есекқұрттың ерекшілігі сол - оның суда өмір сүретіндігі. Әдетте бұл тіршілік иелері құрлықта тірлік ететін еді. Кейінірек зоологтар бұл түрдің қазіргі есекқұрттардың "ежелгі бабасы" емес, суға қайта оралған жаңа форма екендігін анықтады.
Бұл жаңалық эволюция теориясының бірбеткей еместігін тағы бір дәлелдеді. Айта кетелік, ғылым тірі ағзалар формасын өзінің ежелгі бастапқы түріне өзгерте алады деп есептейді.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: santekan.ru.gg