Жақында анықталған астероид келесі аптада Жерге 500 мың шақырым қашықтықтан ұшып өтеді. Ең үлкен ауданы 180 шаршы шақырым болатын астероидты өткен аптада Гавай штатындағы Pan-STARRS обсерваториясының ғалымдары ашқан. Оның жылдамдығы – секундына 35 шақырым.
Айта кетсек, 2013 жылы Челябинскке құлаған астероидтың диаметрі 17 метр болған. Ал оның жылдамдығы секундына 19 шақырым еді. Ал 1908 жылы Сібірде жарылған ғарыш тасының диаметрі небәрі 40 метр болған. Енді жақындап келе жатқан астероидтың көлемі бірнеше мың есе көп болып отыр.
Ғалымдардың айтуынша, соқтығысу қаупі жоқ. Дегенмен астероидтың Жерге жақын ұшуы туралы мәліметтің кеш анықталуы оның жылдамдығы жоғары екенін дәйектейді. NASA ғалымдары астероидтың ұшу траекториясы Жер орбитасын кесіп өтпейтініне сенімді болып отыр.