Cіз білсеңіз, таңғалатыныңыз сөзсіз: алғашында тек әскери мақсатта шығарылған заттар кейіндеу күнделікті өмірімізге дендеп еніп кеткен.
Кішкене бөлігін ғана ұсынып отырмыз.
1. GPS
«GPS» жүйесін қолдану арқылы 1990 жылы АҚШ министрлігі тұтынған спутниктік қызметтің құдірет-күшін сезіне аласыз. 1996 жылы азаматтардың қолдануына мүмкіндік берген.
2. Вакуумдегі тоқаш
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрғатылған, кептірілген тамақтарды өндіру технологиясы кеңінен таралған. Сол арқылы дәрігерлер тоңазытқышта сақталуы тиіс дәрі-дәрмектерді аман-есен жеткізген.
3. Автоинжектор эпинефрин
Автоинжектор эпинефрин – оқыс жағдайда туындайтын аллергиялық қабынудың алдын алатын инфекциялық шприц. Алғашында әскерлердің күтпеген жерден химиялық қарудан немесе жүйке-байлану әсерінен ауруға шалдықпауын қамтамасыз ету мақсатында шыққан.
4. Карго шалбары
1930 жылдары британдық әскерлердің көпшілігі әскери қару-жарақтардың ықшам түрлерін алып жүру мақсатында аталған шалбарды киюді әдетке айналдырған.
5. Герметикалық таспа
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде солдаттар таспаның бұл түрімен оқ-дәріні бітеп қана қоймай, көліктерді жөндеуге болатындығын түсінген.
6. Канистр (бензин т. б. сұйық зат құйылатын ыдыс)
Қазіргі таңда бензин сақтау мақсатында қолданылады. Ең алғаш рет 1930 жылы неміс әскерлеріне арналып жасалған.
7. Джип
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде америкалық сарбаздар әскери мақсатта шығарылған көліктің бұл түрімен мыңдаған километрді еңсере алған. Бүгінгі таңда жаңа түрлерінде (модель) сенсорлы дисплей мен былғары рульдер орналастырылған.
8. Компьютер
Әлемдегі ең бірінші сандық электрондық есептеулі машина «ENIAC» екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Америка әскерлері үшін жасалып шығарылған.
9. Шағын толқынды пеш
1945 жылы америкалық ғалымдар радиолокациялық құрылғылардың жақсы жылу беретінін және олардан тамақ жасап көруге болатынын аңғарған.
Араға екі жылды салып барып шағын толқынды пеш дүниеге келеді.
суреттер:ru.123rf.com; nibler.ru; pervakov.livejournal.com; lib.rus.ec
Дайындаған: Фараби Арыстанбек