- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Арктикадағы мұздың көлемі...
Арктикадағы мұздың көлемі азайып келеді (Видео)
Ғаламшарымыздағы орташа температураның артуына байланысты мұхит үстіндегі мұздардың көлемі күн өте азайып келеді. Оған ғарышты игеру үдерісі де себеп болып отыр.
АҚШ-тың Ұлттық Мұхит және Атмосфера зерттеу орталығы Climate.gov тапсырысы бойынша арнайы жоба дайындаған. Жобада Солтүстік Мұзды мұхиттың 1987 мен 2014 жылдар аралығындағы мұздың құрылымы мен көшу үдерісі видео ретінде толық қамтылыпты.
Видеода мұз көк түспен көрсетілген. Ең ашық түстілер қалыптасқанына 9 жыл болған мұздарды көрсетеді. Ал тоқ көк – біржылдық мұздар. XXI ғасырдың басынан мұзды аумақтың күрт қысқаруы орын алған болса, 2008 жылдан бері мұздың негізгі бөлігі Канада-Арктика архипелагының бойында ғана қалды.
«Соңғы екі жылда көпжылдық мұздардың көлемі біршама артқан болса да, ғаламдық жылу үдерісі өз әсерін көрсетіп келеді», - дейді NOAA зерттеу орталығының мамандары.
Жалпы мұздың көлемін салыстырып қарасақ, Солтүстік Мұзды мұхиты атауынан «мұзды» сөзін алып тастауға да болады.
Сурет: www.bankoboev.ru
Оқи отырыңыз:
NASA ғарыш суреттерін фотошоппен өңдейді
Ғалымдар Марсты зерттеуге тікұшақ дайындайды
Ғалымдар қоғамға арнап ашық хат жазды
Жердің тартылыс күші Айдағы кратерлердің пайда болуына себепші
Ж. Өрісбай