Архимед ғылымға қандай үлес қосты?

Архимед б.з.б. 287 жылы грек елінің Сиракуз қаласында дүниеге келіп, өмірінің соңына дейін сол жақта тұрады. Әкесі Фидий Гиергона қаласының билеушісінің қол астында  жеке астроном қызметін атқарған. Архимед өзге ежелгі грекиялық ғалымдар секілді Александрия қаласында біліммен сусындаған. Александрия билеушілері Птолемеи қала  қарамағына грек елінің ең атақты ойшылдары мен дана ғалымдарын жинақтаған. Сонымен қоса әлемдегі кітап қоры жөнінен ең көп және көлемі жағынан ең үлкен кітапхананы салдырған.

Архимед Александрия қаласында оқуын аяқтап, туған жері Сиракузға оралады. Мұнда келіп әкесінен қалған асыл іспен айналысады.

Жаратылысынан өте еңбекқор, өз ісінің шебері болды. Оның басты жұмыстары математика (геометрия), физика, гидростатика және механика салары бойынша жүрді. Ғалымның  «Квадрат парабола» шығармасында парабола сегментінің өлшеу аймағын есептеу әдісін қарастырған. Бұл еңбек 2000 жыл бұрын әлі интеграл есеп пайда болмай тұрған уақытта жазылған. Архимед өз еңбегінде пи – шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасын сипаттайтын математикалық тұрақты шаманы есептеп, барлық дөңгелектерге ортақ екенін дәлелдеді.

Ежелгі  рим елінің шешені, ойшылы, философ Цицерон, «Архимед сферасы» — жер шарын айналатын аспан жарықшақтарының іс - қимылын көрсететін үлгіні (модель) көргенде, қарапайым адамның  табиғи құбылысы жете алмай жүрген ақылмен дарытылған деп пікір айтады.

Тәжірибе жүргізу барысында Архимед 5 механизм теориясын тексеріп, дәлелдеп шығарды. Олар – иінтірек (рычак), сына (клин), блок, шексіз винт пен жүкарба (лебедка).

Архимед  заттың тек пішіні мен өлшемін ғана емес, сонымен қоса ол қимыл іс-әрекет жасай алатынын, ол қандай да бір күш арқылы қимылсыз тұратынын білді. Сол күштер  барлық затты қимыл іс-әрекетке келтіріп, бақылауды ұстап тұрады деп есептеген.

Ұлы ғалым күштерді зерттеп, математика ғылымының жаңа бөлімін ашты. Онда материалды денелер келтірілген геометриялық пішінді және ауырлық күшті қатар сақтайды. Осы геометриялық  салмақ рационалды механика, статика және гидростатика  болып табылады.

Оқи отырыңыз:

Индиго жайлы не білеміз?

Нанотехнология арқылы не жасауға болады?

Оригамишілер мүсіндерін қалай жасайды?

Жас химиктің оқулығынан…

Робототехнология қалай пайда болды?

Қалалар мен жер-су атауларының мағынасы нені білдіреді?

 

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:ufoleaks.su