А) Мехико
Б) Сан-Паулу
В) Мумбай
Г) Гонолуло
Д) Токио
Бұл сұрақ табан асты болды-ау. Сұрақтың жауабы – Ганалуло. Гавай мемлекетінің орналасуына сәйкес (1907 жылы бектіліген) Гонолуло қаласы, яғни аумағы бір арнаға шоғырланған муниципальды орталық болып табылады. Аумақ көлемі Оаку аралының негізгі бөлігін ғана емес, Тынық мұхитының бойымен 2400 км созылып жатқан солтүстік-шығыс Гавай аралдарының бар бөлігін қамтиды.
Сонымен Гонолуло басқа мегаполистерге қарағанда, ең ірі аумақты қамтып отыр. Шекарасы – 5509 шаршы км. Оның үстіне бұл аймақта 876 156 адам өмір сүреді. Және шекараның 72 пайызы сумен шектесіп жатыр.
Ең халқы тығыз орналасқан қала – Мумбай (бұрынғы Бомбей). 440 шаршы километрге 12,8 адамнан келеді екен. (1 километрге 29 042 адамнан келеді деген сөз). Ал қаланың шеткі аумақтарын қосар болсақ, онда ең бірінші орынға Токио табан тірейді. ( 13 500кв.километрге 35,2 млн адамнан).
Гонолулу Гавайдың мемлекеттік астанасы саналғанмен, мемлекет аумағынан біршама алыс орын тепкен. Ол – аумағы тар болғанымен, халқы ең тығыз орналасқан Оаху аралында орналасқан. Бір есептен Гавайға деген қоныстанушылардың саны жыл сайын артып келе жатқандықтан шығар.
Гавай аралдары өзінің тау сілемдері арқылы әлемге танымал. Гавай аралдары кофе өсіретін АҚШ-тағы жалғыз штат болып табылады. Керек десеңіз, біздің жеп жүрген әр үшінші ананасымыз осы Гавай аралдарынан келеді. Ал Гавай халқы әлемдегі ең көп бұқтырылған сиыр етін қолданушылар болып табылады. Күніне 7 миллионға жуық қалбыр қоқыс жәшігіне түседі екен.
Мұншалықты шұжыққа деген сұраныстың сыры неде екен?! Жұмбақ болып қала бермек. Алайда бұның сырын екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі АҚШ-тың әскері мен флотынан көретіндер бар. Өйткені, шұжық жолда ұстап жүруге аса қолайлы ас болып табылады. Оның үстіне Гавай асханасының классикалық үлгісі - қуырылған күріш пен бұқтырылған сиыр еті болып саналады.
Айтпақшы, ең алғаш рет Гавай аралын 1778 жылы Кук ашқан. Және қожайыны Сэндвическийдің IV графы Джон Монтегю мырзаның құрметіне аталып кеткен. Ал Куктың өзі 1779 жылы Гавай аралының аборигендерінің қолынан қаза тапқан.
1900 жылы АҚШ-тың құрамында болғанына қарамастан, XIXғ. басында Гавай корольдігі болып таныла бастады. 1959 жылы АҚШ-тың 50-ші штаты болып бекіді. Және мемлекеттік туына «Юниан Джектің» қатысы бар АҚШ-тағы жалғыз штат болып қала бермек.
Форумда талқылау
Суреттер: touristmaker.ru,pic.shanzhaiwang.net