- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Әр елдің мемлекет...
Әр елдің мемлекет қамбасында не сақталады?
Әр елдің алтын, байлық қорының қай жерде, қалай сақталатыны туралы білгіңіз келе ме?!
***
Мемлекет қамбасы – қазына қамбасы және мал-мүлік қамбасы сынды екі түрге бөлінеді. Ресей секілді елдерде қазына қамбасының барлық қаржы кіріс-шығысы түгелдей қазына мекемесінің Ресей орталық банкі арқылы жүргізіледі. Мал-мүлік қамбасы – барлық мемлекет иелігіндегі мал-мүліктің жиынтығы болып табылаы. Осы тұрғыдан алғанда, мал-мүлік қамбасында тек алтын, күміс сынды бағалы заттар ғана сақталып қалмастан, түрлі-түстегі мал-мүліктер де қамтылады. Ал мемлекетке қарасты жер байлығы, үкімет қызметі ғимараты, әскери кеме, ұшақ секілділер мал-мүлік қамбасында сақталмайды, әрине. Сонда мемлекет қамбасында шынайы сақталатыны – көлемі шағын, құны жоғары алтын, АҚШ доллары және әртүрлі құнды қағаздар ғана.
Бұл күнде Швейцариядан басқа елдердің ақша таралымы сол елдің мемлекет қамбасындағы алтын қорымен баламаланудан кетті. Швейцарияның мемлекет қамбасында бастан-аяқ жеткілікті мөлшердегі алтын қоры сақталып, күні бүгінге дейін әлемдегі ақшаның алтындық бірлігін сақтаған бірден-бір ел болып келеді. Оның мемлекет қамбасында кезекте сақталып отырған алтынның қоры 2590 тонна болып, дүниежүзіндегі елдердің мемлекет қамбасында сақталған жалпы алтын қорының 7.7 пайызын ұстап отыр. Жан санына сындырып есептегенде бұл ел жер шарындағы адам басына тура келетін алтын мөлшері ең көп ел болып саналады. Швейцарияның мемлекет қамбасында алтын, күміс сынды бағалы заттар мен АҚШ доллары және көп мөлшердегі Евро, Фунт-Стерлинг секілді басты металь ақшалар мен шетел үкіметтерінің құнды қағаздары сақталуда. Мұны былай қойғанда бұл елдің мемлекет қамбасы қыруар мөлшердегі тұрақты мал-мүлікті сақтап қана қалмастан, асып қалған қаржыны тіпті де жандандыру мақсатында, өзге елдерге ақшалай қаржы да салып отыр.
Жапонияның мемлекет қамбасында негізінен шетел ақшасы, шетел үкіметтерінің құнды қағаздары, алтын текті бағалы заттар және халықаралық ақша қоры ұйымының ерекше ақша шығару құқығы мен дүние банктың ақша шегі сақталған. Ресейдің мемлекет қамбасында алтын ақша мен қымбат металдан жасалған шетел ақшасы да көп мөлшерде сақталады. Ал Ресейдің көп мөлшердегі алтын мен ақша қоры өзге елдерде сақталады. Өткен ғасырдың 50 жылдарында Кеңес үкіметі мұнайдан тапқан АҚШ банктеріне сақтауды да ойластырған екен. Бірақ, кейін АҚШ үкіметінің бұл қаржыны мұздатып тастауынан қорқып, қыруар мөлшердегі ақшасын Европа банктеріне таратып сақтаған. Бірақ, бәрі де АҚШ доллары күйінде сақталған екен. Мұны бүкіл әлем «Жағадан алшақтаған АҚШ доллары» деп атасты.
Мемлекет қамбасындағы асылдар қалай сақталады?
Швейцарияның мемлекет қамбасындағы алтынның бір бөлігі Берндегі Швейцария федерациясы үкімет ғимараты мен федерация парламент сарайының алдындағы алаңның астындағы ядролық қарудан сақтану бекінісінде сақталады. Бұл жер асты алтын қоймасының тереңдігінің өзі неше жүз метрден асады. Сыртқа ашық ұсталмайтын бұл жер асты алтын қоймасынан тыс, Швейцарияда тағы да көптеген алтын қоры сақталған қоймалар бар. Бұл қоймалардың қауіпсіздігі жасырын емес. Шетелден міндеттемелі басқарушыларды тартуды мақсат еткендіктен, жұртқа ашық ұсталады. Бұл алтын қоймасына кіріп, тамашалауға да, алтынды ұстап көруге де, сатып алуға да болады. Бірақ, мұның бәрі де арнаулы жол бастаушылар мен ерекше құрылғылардың бақылауында жүзеге асады. Соншама көп алтынды көргенде есіңізден танып қала жаздайсыз. Әрбірінің салмағы бір тоннадан асатын алтын тақталар да, кесек алтындар да мұнда өте ретті тізілген. Арлы-берлі тасу үшін өте ауыр типтегі жүк тиегіш көліктер пайдаланылады. Мұндағы барлық алтынның тазалығы 99.9 пайызға жетеді екен.
Жапонияның ақшасы мен алтын қорының басым көп бөлігі Жапония орталық банктың жер асты алтын қоймасында сақталады. Оларда тек аз мөлшердегі алтын ғана сауда-саттықта айырбасқа түседі.
Бір кездері Ресейдің алтын қоймасы жөнінде арнаулы тыңшылар мәлімет таратқан болатын. Олардың айтуынша, Ресейдің арнаулы мемлекеттік алтын қоймасы сырт көзге сиқысыздау көрінетін, лифттерінің тозығы жеткен сұрғылт ғимаратта екен. Бірақ, соның өзінде мұның қауіпсіздігі әлем бойынша ең алдыңғы қатарда. Әр бөлмеге қалың болат есік орнатылып, қаз-қатар тізілген қауіпсіздік сандықтарына әртүрлі мәдени және тарихи құнға ие бағалы асылдар салынған. Онда алтын, жақұт, ақша және әртүрлі бағалы заттардың бәрі бар. Бұдан тыс, алтын қоймасындағы інжу-маржанның салыстырмасы да мол көрінеді. Ал ондағы жақұттың өзі тоғыз мың түрден асады екен.
АҚШ мемлекетінің алтыны Кентукки штатындағы және Нью-Йорк штатындағы әскери базаның жер асты қоймасында сақталады. Осыншама үлкен базаның кей жерлеріне қарапайым көліктермен еркін кіруге рұқсат етілген. Тек сол маңдағы сым темірмен қоршалған алтын қоймасының аумағына ғана сырт адамның кіруіне тыйым салынған. Ал Нью-Йорктегі банктің жер асты алтын қоймасына тек шетел алтындары ғана сақталады.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек