Apple соңғы 10 жылда алғаш рет көшбасшылықтан айырылды

Apple соңғы 10 жылда алғаш рет көшбасшылықтан айырылды

Соңғы 10 жылда Apple компаниясы тұңғыш рет өзінің әлемдік нарықтан тапқан таза табысының азайғанын мәлімдеді.  

2013 жылдың екінші жартысында компанияның қаржылық пайдасы 18% азайды. Қазір ол 9,5 миллиард долларды құрады. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр дәл осы уақытта ол 11,6 миллиард доллар болған еді. Ал компанияның биылғы жылдың бірінші жартысындағы жалпы кірісі 43,6 миллиард доллар болып отыр. 

Қаржылық сарапшылар компанияның дәл осылай көз алдымызда құлдырап бара жатқанын оңтүстік кореялық Samsung компаниясының белсенді жұмыс жасауы салдарынан деп түсіндіреді. 

1

Мысалы, Apple компаниясы былтыр 37,4 миллион iPhone смартфонын сатса, биыл оның 35,1 миллион данасын сатты. Ал iPad планшетінің 19,5 былтыр миллион данасы сатылса, биыл бар-жоғы 11,8 миллионы сатылып үлгерген. 

Сарапшылар егер компания дәл осындай бағытта жалғастыра берсе, оның қаржылық табысы төмендей беретінін айтып отыр. Бұған себеп ретінде олар компания өнімдерінің жекелей сатылуының қиындығын және Samsung-тегі сияқты жаңа технологиялардың көп қолданылмауын айтып отыр.   


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: issoft.by 

Б. Қосмағамбет