Ғалымдар Антарактидадағы Восток көлінен алынған судың үлгісін зерттей келе, жаңа бактерия тапты. Олардың айтуынша, табылған тіршілік иесі ғылымға белгісіз түр болып табылады. Бұл туралы Петербург ядролық физика институтының қызметкері Сергей Булат хабарлады.
"Бір апта бұрын біз анализдерімізді аяқтадық. Ғылымға белгілі организмдерден бөлек адамзат баласына белгісз болып келген бактерия тауып алдық. Бұл тіршілік иесін ешқандай топқа жатқыза алмадық", - деп сұхбат берді ғалым.
Оның айтуынша, ғалымдар көлдің түбінің үлгілерін 2012 жылдың мамыр айында алған.
Айта кетелік, Антарктида — Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы материк. Материк Атлант, Үнді және Тының мұхиттарымен қоршалған. 1820 жылы орыс саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев ашқан. Материкті түгелге жуық қалың мұз басып жатады. Оның орташа қалыңдығы 1500 метр. 99%-ын қалың мұз басып жатқан бұл материктің аумағы 12,3 млиллион шаршы километр.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: dic.academic.ru