Антарктидадағы мұздың көлемі белгілі болды

Антарктидадағы мұздың көлемі белгілі болды

Британдық ғалымдар 50 жылдық зерттеу жұмыстарының негізінде анарктикалық мұздың жалпы көлемін есептеп шығарды. Мамандардың ойынша, материктегі мұздың көлемі 26,5 миллион кубтық километрден кем емес.

Британиядағы Антарктиканы зерттеу қоғамының ғалымдары бұл мәлімет болашақта Жер бетінде орын алатын климтттық өзерістерді модельдеу кезінде дәл ақпарта алуға мүмкіндік беретіндігін айтты.

Осы орайда BBC-дің ғылыми корреспонденті зерттеудің негізгі жетістігі - мұз астындағы антарктикалық құрлықтың ауданының белгілі болғандығы деп атап көрсетті.

Антарктида — Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы материк. Материк Атлант, Үнді және Тының мұхиттарымен қоршалған. 1820 жылы орыс саяхатшылары Беллинсгаузен мен Лазарев ашқан. Материкті түгелге жуық қалың мұз басып жатады. Оның орташа қалыңдығы 1500 метр. 99%-ын қалың мұз басып жатқан бұл материктің аумағы 12,3 млиллион шаршы километр.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Массагет Антарктидадан жаңа тіршілік иесінің табылғандығын айтқан болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: yestravel.ru

Massaget