- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Америкалық аппарат Марсқа...
Америкалық аппарат Марсқа жақындауда
6 тамыз адамзаттың Марс планетасын зерттеу тарихындағы ерекше күндердің бірі болмақ.
Дәл осы күні NASA агенттігінің Curiosity атты роботы Марсқа аяқ басып, зерттеу жұмыстарын бастайтын болады. Бұл зерттеу машинасын Қызыл планетаға Mars Science Laboratory ғарыштық ұшу аппараты жеткізетінін айта кетелік. Агенттік өздерінің ресми сайтында аппараттың жол жүру картасын жариялапты.
Mars Science Laboratory Марс планетасына жақындауда
Бұл жолғы Curiosity-дің ерекшелігі - ол бұрынғы нұсқаларға қарағанда ауырлау (1 тонна). Басты мақсат - Марста тіршіліктің бар-жоғын анықтау, палеоархеологиялық жұмыстар жүргізу. Зерттеу сәтті өтсе, алапатқа дейінгі планетаның хал-жағдайы туралы түсінік алатын боламыз.
Curiosity аппаратын Калифорнияның шөлейтінде сынақтан өткізуде
Curiosity-дің көшірмелерін жер бетінде де біраз сынақтардан өткізетіні белгілі. Мысал ретінде Калифорниядағы шөлейттегі сынақтар мен суық австриялық үңгірлердегі зерттеулерді айтуға болады.
сурет: cratergale.blogspot.com, nasa.gov