Таяуда ғана Шри-Ланка аралының аумағынан бүйінің жаңа түрі анықталды. Жаңа жәндіктің аты - Poecilotheria rajaei. Бүйінің түсі - сұр болып келеді. Алқызыл және сары түсті аяқтарын қосқанда ұзындығы 20 сантиметрдан асады(диаметрде).
Алып өрмекшінің уы тышқандарды, кесірткелерді, ұсақ құстар мен жыландарды өлтіруге жетеді. Зерттеуші ғалымдар аталған жәндікті көргенде қатты таңырқағандарын жасырып қала алмады.
Жалпы, бүйілер табиғатта өте сирек кездеседі. Бұл жаңа бүйіні де Үндістан мен Шри-Ланка аумағынан ғана кезіктіруге болады. Бүйі ескі ағаштарда өмір сүреді екен. Соңғы кезде ағаштардың жиі кесілуінен олардың саны да сиреп барады. Тасталған, қараусыз қалған ғимарат орындарынан да ұшырастыруыңыз әбден мүмкін.
Негізінен, Poecilotheria rajaei бүйісі ең алғаш рет 2009 жылы байқалған болатын. Нақты тұжырым мен мұқият зерттеудің жоқтығынан оны дер кезінде ғылымға енгізу мүмкіндігі болмады.
Суреттер:byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева