Коронавирус адамзатпен бірге 55 миллион жылдан бері, ал планетамызда шамамен 4 миллиард жылдан бері өмір сүріп келеді. Олардың мінсіз таратушылары – жарқанаттар. Олар біз сияқты омыртқалы бола тұра, ұшуға бейім. Соңғысы тіпті мутацияға тез бейімді, яғни генетикалық өзгерістерге икемді.
Жағдайдың осылай ушығуының нәтижесінде табиғатта түраралық кедергіден өтіп, адам ағзасына жұғатын коронавирустың көптеген түрі ауық-ауық пайда болады. Бұл ретте олар өте агрессивті болып, ауру тудыртып, көбіне өлімге әкеп соқтырады.
Алайда адам ағзасында аман қалу үшін мұндай вирустар мутациялануы керек. Осы мақсатта олар осыған дейін ағзамызда бейбіт өмір сүріп келетін коронавирустың басқа түрінен генетикалық материалдың кейбір фрагменттерін алады.
Мұндай жолмен бұрын-соңды болмаған пандемияны тудырған қазіргі коронавирус сияқты төзімді және өте жойқын "химера" пайда болады.
Біздің әрқайсымыз осы инфекцияны таратпау жолында күресіп жатқан дәрігерлерге көмектесуіміз керек. Ол үшін жиі және дұрыстап қарапайым сабынмен қолымызды жуып, қарым-қатынасты шама-шарқынша шектеп, жақындарымызға көмектесіп, және сонымен қатар өзіңізден де коронавирус анықталуы мүмкін деген қауіппен өте сақ жүрген абзал.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, қауіпсіздік шараларын сақтаңыз!